Петропавлда тұрғын үй өртеніп, екі адам мерт болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда тұрғын үй өртеніп, әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 5.00 шамасында Петропавлдағы Сенная,3 мекен жайындағы жеке тұрғын үйде шыққан. Қала тұрғындары хабарласып, баспананың терезесі мен есіктерінен қою түтін шығып жатқанын айтқан.

«Оқиға орнына Петропавлдағы №3, №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникасы және өрт сөндірудің кезекші ауысымы – жеке құрамнан 14 адам мен 4 арнайы техника жетті. Мамандар барғанша өтіп бара жатқандар тоқтап, өртті сөндірмек болған. Үйдің кіре берісінде 1969 жылы туған әйелдің, ал 10 минуттан кейін күйік алған ер адамның денесі табылды. Өрт сағат 5.33 минут кеткенде ауыздықталды», — деді брифингте СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бөлім бастығы Әділ Спаен.

Айта кетерлігі, тұрғын үй биыл Береке ықшам ауданында мамыр айында жанып кеткен 9 үйдің жанында орналасқан. Естеріңізге салайық, сол жолы қамыс жанып, арты үлкен өртке ұласқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz