СҚО-да энергетик сусынды көп тұтынатын сарбаздың жүрегі тоқтап қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында жедел медициналық көмек қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған жігітті өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жайында СҚО Жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоног әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әскери бөлімге шақырту түс кезінде түскен. Фельдшерлер Талғат Қасенов пен Екатерина Шмидт, жүргізуші Мерген Әділбаевтың бригадасы оқиға орнына үш минуттан соң келген. Тексеру кезінде 21 жастағы науқас ес-түссіз жатқан, тіпті, тыныс алмай, жүрек қағысы болмаған.

«Біздің қызметкерлер ASLC халықаралық стандарты бойынша реанимациялық іс-шаралар жасады. Өкпені жасанды желдету және дефибрилляциямен жүрек-өкпе реанимациясының алты циклынан кейін 30-шы минутта жүрек қызметі қалпына келтіріліп, өздігінен тыныс алу пайда болды. Науқас көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дмитрий Флерко басқаратын реанимация бөлімі мамандарының арқасында пациент оң динамикамен бөлімшеге ауыстырылды», — дейді Юрий Белоног.

Дәрігердің айтуынша, жүрек қызметінің тоқтап қалуының себебі – энергетикалық сусындарды шамадан тыс көп пайдалану болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz