Жәбір көргендерін жасыратындар көп

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық полиция департаментінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Жиналысқа бейнеселекторлық байланыс режимінде облыстың барлық аумақтық полиция бөлімшелері қосылды, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов 30 маусымда өткен ҚР ІІМ алқасының шешімін бөлімшелер басшылығының назарына жеткізіп, кеңес жұмысын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі негізгі мәселелерге баса назар аударды. Әсіресе елдегі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жоғарылауы алаңдатады.

politsiya2

Жыл басынан бері СҚО-да отбасылық-тұрмыстық салада 21 қылмыс тіркелді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары әлі күнге дейін үйдегі қатыгез отағасына өтініш жазудан бас тартады. Өткен жылы республика бойынша осындай 70 мың бас тарту тіркелді. Осыған байланысты, Айдын Қабдұлдинов көпе жағдайда тұрғындардың әкімшілік және қылмыстық заңнаманы түсіне бермейтінін айтты.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық фактілері кезінде бейнетіркеуді пайдалану қажеттігі туралы еске салды. Сондай-ақ жиналыста алаяқтық және есірткі тарату, мас күйінде қылмыс жасау және қоғамдық қауіпсіздіктің басқа аспектілерінің мәселелері қарастырылды. Барлық бағыттар бойынша Айдын Қабдұлдинов қарамағындағыларға жұмысты күшейтіп қана қоймай, алдын алу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz