Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ол алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен бақ сынасты.
Бірінші партияда тай-брейкте америкалық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:3).
Екінші партияда да Бублик брейк жасап, жақсы ойын көрсетті. Есеп – 6:4.
Үшінші сетте қазақстандық теннисші доп берген кезде қателікке бой алдырып, қарсыласының брейк жасауына жол беріп қойды. Дегенмен кейін таразы басын теңестіре алды. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізіп, партияны өз пайдасына шешті – 6:4.
Төртінші партияда брейк жасаған қазақстандық спортшы 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 24 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Александр екінші айналымда тағы бір америкалық, әлемнің 48-ракеткасы Джеффри Джон Волфпен кортқа шығады.