«Ринг патшасы — 2023» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда бокстан «Ринг патшасы — 2023» атты ашық турнирдің финалдық жекпе-жектері өтті.  Естеріңізге салсақ, жарысқа Қазақстаннан бөллек, Ресей мен Өзбекстан елдерінің спорт ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Ринг патшасы — 2023» турнирінің ақтық кездесулері Конституция күнінде Камиль Сафин атындағы бокс мектебінде ұйымдастырылды. Алдымен шаршы алаңға 6 салмақ дәрежесі бойынша үшінші орын иегерін анықтау мақсатында спорт ардагерлері шықты.

371096201 650366347160929 2932700327447025436 n371081211 650366093827621 819163465939183526 n

Көрермендер 63 килограмм санатында қола үшін таласта қос алматылық спортшының жекпе-жегін тамашалады. Рауан Шурабаев пен Дмитрий Ковальчуктің кездесуінде соңғысы қарсыласынан басым түсті. Кейін 69 килограмда оралдық Евгений Бессонов павлодарлық Азамат Жұмасановты ұтты. 75 килограмда маңғыстаулық Шыңғыс Қайранов тараздық Нұржан Мұрзабаевты қапы қалдырды. 81 килограмда жерлесіміз Арман Жәміш Алматы қаласының өкілі Нұрлан Мұсабаевты, 91 килограмда оралдық Серік Лемишев павлодарлық Әскербек Мұстафинді жеңді. Ал аса ауыр салмақта үшінші орын Нұрсұлтан Бәкібековке бұйырды.

Финалда «Ринг патшасы — 2023» атағы сарапқа салынып, 63 килограмда көкшетаулық Андрей Спиридонов жеңімпаз атанды. Көкшетаулық боксшы Омбы қаласының өкілі Зинат Жандыбаевтан айласын асырды. Қазақтың салмағы саналатын 69 килограмда атыраулық Әнуарбек Бекембетов оралдық Алмас Ысқақовпен қолғап түйістіріп, Атырау қаласының спорт ардагері жеңіс тұғырына көтерілді. 75 килограмда Түркістан облысы Арыс қаласының былғары қолғап шебері Қанат Қарабаев жаңаөзендік Жарас Аташовты жеңді. 81 килограмда шаршы алаңға Жаңаөзен қаласының екі бірдей өкілі Марат Өтегенов пен Бақытқан Ысқақов шықты.  Тарыстқа толы кездесуде Мараттың мысы басым түсті. Кейін 91 килограмда алматылық Хамзат Гелисханов шымкенттік Қасымхан Оспановпен жұдырықтасып, қарсыласын қапы қалдырды. Аса ауыр салмақта қостанайлық Виталий Севастьянов петропавлдық боксшы Андрей Бейсембаевпен кездесті. Бұл жекпе-жекте Виталий жеңіске жетті.

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын иегерлеріне «Ринг патшасы — 2023» турнирінің белбеулері мен 150 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Ал күмісті еншілегендерге 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz