Солтүстік Қазақстан облысында монополияға қарсы агенттік коммуналдық қызметтердің жаңа тарифтерін бекітті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында 1 шілдеден бастап коммуналдық қызметтерге жаңа тарифтер күшіне енді. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов брифингте «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ол агенттік табиғи монополиялардың алты субъектісіне инвестициялық бағдарламаларды түзеткенін айтты.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ үшін 1 Гкал үшін 3 344,51 теңге тариф бекітілді, өзгеріс 306,73 теңгені немесе бекітілгеннен 10,1%-ды құрады.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС үшін 1 Гкал үшін 2 973,83 теңге көлемінде тариф бекітілді. Өзгеріс – 93,87 теңге немесе бұрын бекітілгеннен 3,16%.

«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ  үшін 1 кВт/сағ үшін 5,60 теңге тариф бекітілді. Өзгеріс 0,52 теңгені немесе 10,23%-ды құрады.

«Қызылжар су» ЖШС: магистральдық құбырлар және тарату желілері арқылы сумен жабдықтау қызметінің орташа тарифі 1 текше метрге 170,50 теңгені құрап, 10,56 теңгеге немесе 6,6%-ға өсті. Сарқынды суларды шығару және тазарту қызметінің орташа тарифі бір текше метрге 165,96 теңгені құрайды. Бұрынғымен салыстырғанда 13,52 теңгеге немесе 8,86%-ға өзгерді.

«Қазводхоз» филиалы үшін бір текше метрге 0,66 теңге тариф бекітілді, онда тарифтің өзгеруі 0,06 теңге немесе 10 пайызды құрады.

«Есіл су» филиалының тарифі текше метріне 704,5 теңге. Бұл ретте 142,50 теңгеге немесе 16,82%-ға төмендеді.

«2023 жылға жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеден астам инвестициялық бағдарламалар түзетілді. Барлық осы жұмыстардың нәтижелері бойынша біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жабдықтар мен желілердің тозуын азайту, апатты жағдайларды азайту, ақпараттық жүйелерді енгізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қол жеткіземіз деп күтудеміз», — деді Д.Тоқтамысов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz