Коммуналдық қызметтер күшейтілген режімге көшті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда ауа райының нашарлап, қар аралас жаңбырдың жаууы және температураның төмендеуіне байланысты  коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режіміне көшті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда кеше кешқұрым басталған боран бүгін қар аралас жаңбырға ұласты. Салдарынан көшелерде көктайғақ.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде көшелерді механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

— Таңғы сағат 6:00-ден бастап жолдарға, жаяу жүргінші жолдарына, аялдамаларға құм-тұз қоспасы себілді. Орталық көшелермен қатар қаланың шеткі көшелері де қамтылады. Жұмысқа 40 арнайы техника мен 80-нен астам қызметкер жұмылдырылды. Қажеттілік туындаған жағдайда техниканың саны көбейтіледі, — дейді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Биыл Петропавлда жолдарды, жаяу жүргінші жолдарын, аялдамаларды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу үшін 2200 куб құм-тұз қоспасы дайындалды.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, бүгін күндіз Петропавлда 0, -1 градус аралығында болса, түнде -3,-5 градусты көрсетпек. Ертең де қар, жаңбыр жауып, күндіз сынап бағанасы -2 градусқа дейін төмендейді. Ал 1 қарашада күндіз +3 градусқа дейін жылынады. Бұл күн де жауын-шашынды болады деген болжам бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz