СҚО-да улы химикатты жерге төккен шаруашылық 1 млн астам теңге айыппұл төлейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында экология департаменті Шал ақын ауданында мамыр айының соңында жерге төгілген улы химикатқа қатысты тексерісті аяқтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салайық, маусым айының басында әлеуметтік желіде Шал ақын ауданында 180 тоннадан астам аммиактың орман маңына төгілгендігі туралы ақпарат тарады. Бейнежазбадан жапырақтың сарғайып кеткенін көруге болады.

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров бұл жағдайды бақылауға алып, кінәлілердің жазаланатынынжеткізді.

СҚО экология департаментінің мәліметінше, осыған байланысты «Asуl Farms» ЖШС-нің Шал ақын ауданы Афанасьевка елді мекенінде орналасқан нысанына қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық анықталды. Кәсіпорын жерді КАС-32 сұйық тыңайтқышымен улаған. Бұл жайында қоршаған ортаны қорғауға қатысты уәкілетті органды дер кезінде хабардар етпеген. Заңға сәйкес мәндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізбеген.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты «Asуl Farms» ЖШС әкімшілік жауапқа тартылып, 1 млн 121 мың теңге айыппұл төлейтін болды.

Сондай-ақ, «Asуl Farms» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға қатысты уәкілетті органмен ремедиация, яғни, табиғи құрылымын қалпына келтіру үшін арнайы бағдарлама жасап, оны бекіту қажеттігі жөнінде хабарлама жіберілді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337-бабының 2-бөлігі экология департаментінің құзыретіне жатпайтындығына байланысты тексеру материалдары ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін СҚО жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz