Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бас дәрігерлермен кездесу өткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға баса назар аудару керектігін атап өтті.

– Әлеуметтік желілерде тұрғындар емханалардың жұмысына жиі шағымданады. Бірінші емхананы аралау кезінде қалалықтар медициналық қызмет сапасына шағымдарын айтты. Осы орайда, денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың директорлары 20-шы шілдеге дейін емханалардағы кезекті азайту, науқастарды қабылдау жағдайын жақсарту шараларын қабылдау қажет. Кадрлардың бір-бірін алмастыруы, басқа емханалардан тар шеңберлі мамандарды тарту мәселесін дереу қарастыруды тапсырдым. Тұрғындар апталап, айлап күтпеуі қажет. Алдағы уақытта да медициналық мекемелерге ескертусіз бару тәжірибесін жалғастырамын, — деді Айдарбек Сапаров.

med1

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz