Есірткі таратушы сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да облыс тұрғынының қырағылығының арқасында есірткі таратушы ұсталып, сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сот 20 жастағы Петропавл тұрғынын есірткі таратқаны үшін кінәлі деп тапты. Өткен жылы  ол жалпы салмағы 5,27 грамм болатын «тұз» деп аталатын α-PvP психотроптық затының 13 «бетбелгісін» жасаған. Бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Ол әр «бетбелгінің» суретін есірткі сататын интернет-«дүкеннің» кураторына жіберген.

Саяжай қоғамының аумағында 6 «бетбелгі» жасалды. Жас жігіттің әрекеттері күдік тудырғандықтан, саяжайшылардың бірі оның не істеп жатқанын сұрауға барған. Сол кезде жігіт жасырынбақ болғанын көрген қала тұрғыны бірден полицияға жүгінеді. Көп ұзамай жас жігіт ұсталды. Тінту кезінде оның шұлығында жасырылған жалпы салмағы 2,37 грамм болатын α-PVP-ның тағы үш орамасы тәркіленді.

«Күдікті ретінде бұрын сотталмаған қала тұрғынына сот 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза мөлшерін тағайындады. Қазір ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр. Жыл басынан бері облыста барлығы 122 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 49 өткізу фактісі. 685 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 20 кг-нан астам гашиш және 1 кг-нан астам синтетикалық психотроптық заттар», — деп түсіндірді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz