Тұрғындар қандай мәселелер мазалайтынын айтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова бір аптадан бері Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп жатыр. Ауылдық елді мекендерді, әлеуметтік нысандарды аралап, халықпен кездесуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сенатор сапарлары туралы әлеуметтік желідегі парақшасында егжей-тегжейлі әңгімелейді. Алғашқы сапарында Есіл ауданына барды. Мұнда Ә. Рахметова аурухананың емдеу корпусына барды, 1960 жылдары салынған ғимаратқа алғаш рет жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Жұмыс сапарларында біз бірінші кезекте ауыл тұрғындарына назар аударамыз. Біз үшін олардың проблемалары мен сұрақтарын тыңдау маңызды. Әрине, кейбірін білеміз және бұл бағыттар бойынша жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр. Есіл ауданының тұрғындарымен су құбыры мен жол жөндеуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Ауыл тұрғындары республикалық маңызы бар Петропавл-Жезқазған тас жолын жөндеу мәселесін шешуді сұрап отыр. Бұл тас жолдың 359 шақырымы облыс аумағы арқылы өтеді. Жағдайы қанағаттанарлықсыз. Шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, бірақ орташа жөндеу қажет. Мәселе орталық деңгейде қарастыруды қажет етеді, біз оның шешілуіне үлес қосамыз», — деді Ә.Рахметова.

Дәл осындай мәселені Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғындары да көтерді. Республикалық жолдың мүшкіл халіне сенатордың өзі өңірді аралау барысында көз жеткізді.

Ауданда көпсалалы емхана салу қажеттілігі туралы мәселе талқыланды. Ә.Рахметованың айтуынша, қазіргі уақытта туберкулезге қарсы диспансер ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп, емханаға айналдыру нұсқасы қарастырылуда. Бұл үшін бюджеттен қаражат қажет.

Сенатор облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен, Новоишимское кентіндегі көпқабатты тұрғын үй құрылысының, Ставрополька ауылындағы су құбырының және Ломоносов мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысты.

«Шал ақын ауданында Кривощековский орта мектебінің жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрдік. «Жол картасы» аясында мекемеде 127 миллион теңгеден астам қаражатқа жұмыс қарастырылған. Құрылысшылар есіктерді, саңылауларды, канализацияны, шатырды, едендерді ауыстырып, ішкі әрлеу мен жылу жүйесін жаңартуда. Ибраево ауылында орналасқан М.Ахметбеков атындағы мектепте де ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылда тұратын балалардың сапалы білім алуы, таза, жарық бөлмелерде оқуы маңызды», — деді Ә.Рахметова.

Ибраево ауылында 30 жылдан астам бұрын салынған екі қабатты ғимарат жөнделіп жатыр. Сенатор жөндеуден өткеннен кейін нысанды ауылдың мәдени өміріне, жастардың бос уақытын өткізуге белсене тарту маңызды деп есептейді.

«Азаматтарды қабылдау барысында ауыл тұрғындары жол жөндеу, су құбырына қатысты сұрақтар қойды. Ауданда жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен бұл шаралармен әлі қамтылмаған ауылдар да бар. Ауылдың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймыз», — деді Ә.Рахметова.

10 шілдеде сенатор Жамбыл облысында жұмыс істеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz