Прокурорлар жартыжылдықты қорытындылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Бұл жайлы журналистермен жүздескен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры мәлімдеді. Қайрат Әбдіхановтың айтуынша, өлкеде қылмыс деңгейі 20,1% төмендеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz-ке сілтеме жасап.

– Азайған қылмыс түрлері: кісі өлтіру – 46,2%, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 2,6%, ұрлық – 24,8%, бұзақылық -17%, алаяқтық – 13%, есірткімен байланысты қылмыстар – 4,6%, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қатынас – 66,7%, тонау – 21,7% және қорқытып алушылық 33,3% төмендеген, — дейді СҚО прокуроры Қайрат Әбдіханов.

Дегенмен, жағаны жайлауға жібере алмаймыз. Өңірде мал ұрлығы, есепшот-фактураларын заңсыз жазып беру, денсаулыққа келтірілген ауыр зиян салдарынан өлімге әкеліп соқтыру бағытында қылмыстық фактілердің өсуі байқалады. Баяндамасында Қайрат Әбдіханов мырза өндіріп алу бойынша да сөз қозғады.

– Прокурорлардың актілері бойынша шамамен 300 млн теңге өндіріліп алынды, оның ішінде: мемлекеттік бюджетке 175 млн теңге, сомасы 276 млн теңгенің мүлкі қайтарылды, сомасы 110 млн теңгеге әкімшілік айыппұл өндіріліп алынды. Прокурорлармен жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша бюджетке шамамен алдын ала шығын 30 млн теңгені құрайтындығы анықталды, аталған факті бойынша арнайы прокурорлармен 2 қылмыстық іс басталды және тергелуде, — дейді Қайрат Әбдіханов.

Бизнесті қорғау – Президент тапсырмасы. Бұл бағытта өңір прокурорлары жатпай-тұрмай жұмыс жүргізіп жатыр. Қуанышымызға орай, нәтиже бар. Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде қадағалаушы орган өкілдері 800-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғапты.

– Жер қатынастары саласында жалпы аумағы 52 мың га 360-тан астам заңсыз ұсынылған жайылым жерлер қайтарылды (елді мекендердің шекараларындағы), оның ішінде 36 мың га 237 жер учаскесі қайтарылды, соттың өндірісінде осындай 6147 гектар жерді алу туралы 29 талап арыз қаралуда, — дейді Қайрат Әбдіханов.

Облыс прокуроры мен орынбасарлары баяндама жасап болған соң журналистер белсенділік танытты. Олар әртүрлі салаға қатысты сұрақтар қойды. Сәуір айында Петропавлда сепаратизм ісі бойынша бірнеше адам ұсталғаны мәлім. Тілшілер осы жайлы ақпар сұрады.

– Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. 3 адам қамауда отыр. Қалған дерекпен істі сотқа жібергенде бөлісеміз, — дейді СҚО прокурорының орынбасары Сәкен Жорабеков.

Ақпанда қаламыздағы №4 мектепке 9-шы сынып оқушыларының бірі балта мен пышақ әкеліп, бірнеше баланы жарақаттағаны елге мәлім. Бұл факті бойынша да әлі тергеу жүргізіліп жатыр. Прокурорлар толық ақпармен кейін бөлісеміз деді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz