Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі – 5%

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

12 шілдеде өткен үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% болғанын баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде нақты сектор – 4,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,9%-ке өсті.

«Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда. Әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13% болды», — деп баяндады Әлібек Қуантыров.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 56,8%-ке, саудада – 32,2%-ке, ауыл шаруашылығында – 22,1%-ке, білім беруде – 21,5%-ке, сонымен қатар өнеркәсіпте – 10,9%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 11,4%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz