Шілденің 12-сі күні Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев коммуналдық қызметтерге тарифті көтерудің тиімді тұстарын атап, неліктен үкімет мұндай шара қабылдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Энергетика министрі бағаны көтеру саясаты мәжбүрлі шара екенін атап өтті. «Энергетикалық нысандардың қазіргі жағдайы түсінікті. Мемлекет түпкілікті тұтынушыға тигізетін зардапты азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Апаттарды жоюға айтарлықтай қаржы ресурстары бөлінді. Маңғыстау, Екібастұз, Павлодар, Риддер қалаларындағы энергетикалық нысандардың барлығы дерлік нысан иелерімен бірлесіп, осы күрделі бағдарламаларды қаржыландырды», — дейді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша, бұл саланы дұрыс басқару, реттеу және бақылау саясатын жетілдіру қажет.
«Монополистер, монополистер» дейсіздер… Олар шын мәнінде жай ғана бизнестің құрылымы ғана. Олардың бизнесі қандай да бір базалық инфрақұрылымға ие болуына байланысты тұтынушылар басқалардың қызметтерін пайдалана алмайтындығына негізделген. Монополист жұмысының тиімділігі – бұл тек бақылау, қызметін реттеу бойынша мемлекеттік саясат мәселелері. Бұл тұрғыда, иә, шынында да, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын жандар бар. Бұл саясаттың нәтижелерін қазірдің өзінде көруге болады. Үкімет қазақстандықтар пайда көретіндіктен осындай ұнамсыз шараны қабылдап отыр», — дейді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр тарифтердің көтерілуі базалық инфрақұрылымды қалпына келтіруден бөлек, басқа да көптеген жеңілдіктер әкелетінін баса айтты.
«Бұл жаңа қуаттар салуға, Қазақстан Республикасы экономикасының озық өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ энергия үнемдеу, ресурстарды үнемдеу бағдарламасының жұмыс істеуіне ықпал етеді. Энергияны ұтымды пайдалану саясаты басталады. Адамдар энергия ресурстарының белгілі бір түрлерін тұтынуға жауапкершілікпен қарай бастайды, бұл біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуі аз қамтылған азаматтарға әсер етпейтінін айтып, қолдау тетігінің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.