Петропавл мектептеріндегі ыстық тамақтың бағасы өзгермейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы мектеп асханаларында ыстық тағамдар үшін төленетін сома өспейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Петропавл қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында белгілі болды. Қалалық білім бөлімінің жетекшісі Динара Рақышеваның айтуынша, тұрақтандыру қоры өкілдерімен мектептерді азық-түлікпен қамту туралы келіссөздер жүргізіліп, қос тарап бір байламға келді.

– Кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорымен бірлесіп жұмыс істеу ұсынылды. Нәтижесінде олар оқу жылының соңына дейін тамақтың бағасын 500 теңгеден асырмайтынын жеткізді, – деді Динара Рақышева.

Белгілі болғандай, кәсіпкерлер бұған дейін қалалық білім бөлімімен бағаны көтеру жөнінде әңгіме қозғамаған еді. Тек қаңтардың 9-ы күні ғана мектептердің әкімшіліктеріне хат жазып, оқушылар асының құнын қымбаттайтынын жеткізді. Ал оқу жылының басында білім ошақтарымен жасасқан келісімшарт негізінде бұл шешімдері жайлы мәліметті бизнесмендер бір ай бұрын хабарлауы тиіс болатын. Сондықтан заңды күші жоқ мұндай ұсыныстарын өзгеріссіз қалдыруға тура кел

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz