Топырақ температурасы 60 градустан асты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында 12 шілдеде ауа температурасы 37-40°С дейін көтеріліп, топырақ 52-64 градусқа дейін ысыды. Мұндай мәліметтерді «Қазгидромет» РМК-нің облыстық филиалы жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кеше сағат 15.00-де Чкалово ауылында ауа температурасы 40 °С болды. Бұл –облыстағы ең жоғары ауа температурасы. Ауа температурасы Петропавлда, Сергеевкада, Возвышенкада, Тайынша мен Тимирязевте – 39 градус, Благовещенка мен Кішкенекөлде – 38 градус, Саумалкөлде – 37, Явленкада 36 градусқа жоғарылады.

Топырақтың ең жоғары температурасын Сергеевка мен Тимирязеводағы метеостанциялар тіркеді. Онда топырақ 64 градусқа дейін қызған. Ал Чкалово мен Благовещенка елді мекендерінде бұл көрсеткіш 60 градусты құраған. Басқа метеостанциялар топырақ температурасын 52-ден 57 градусқа дейін тіркеді.

Құтқарушылар мен синоптиктер өңірде жоғары өрт қаупі бар екенін ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz