250 гр «синтетиканы» тәркіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ол жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұсталды. Полицейлердің айтуынша, бір апта бұрын жас жігіт есірткі сататын интернет-дүкендердің біріне «жұмысқа орналасқан». Тінту кезінде одан ұнтақ заттары бар екі полимерлі пакет тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, олардың бірінде 101 грамнан астам «мефедрон», екіншісінде 149 граммға жуық «жылдамдық» болған. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 250 грамнан асты. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Бұл– биыл тәркіленген синтетикалық есірткілердің ең ірі партияларының бірі. Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің санкциясына сәйкес, оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Есірткі өткізу фактілерінің жолын кесу – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің негізгі бағыттарының бірі. Жыл басынан бері облыста барлығы 49 өткізу фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 685 кг түрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 20 кг-нан астам гашиш және 1 кг-нан астам синтетикалық есірткі заттары бар» – деп түсіндірді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Руслан Үмбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz