Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында «Новая оптика» ЖШС директоры Елена Погорелец білікті медициналық кадрлардың тапшылығына тоқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кәсіпорын басшысы өңірде өз желісін белсенді түрде кеңейтіп жатқанын, алайда серіктестікке тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін кадрларды даярлау мәселесі кедергі болып отырғанын атап өтті.
«Бізге оптикометристер, офтальмологтар қажет, бірақ облыста бұл мамандықтар бойынша дайындық жоқ. Осы мамандарды Петропавл жоғары медициналық колледжінде оқытуға және қайта даярлауға көмектесуіңізді сұраймыз. Дәл осындай проблема стоматологиялық көмек көрсетуде де бар.
— Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен енгізілген өзгерістер медициналық қызмет көрсету деңгейіне қойылатын талаптарды күшейтті. Өзін-өзі жұмыспен қамту қазір жоғары білімді қажет етеді, ал үлкен тәжірибесі бар стоматологтардың көпшілігі медициналық колледжді бітірген. Сондықтан М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде осы мамандықтың ашылуына ықпал етуіңізді сұраймыз, – дейді Елена Погорелец.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілі атап өткендей, бүгінде бұл мәселе тек облысға ғана емес, республикаға да тән. Расында да, медициналық көмектің жаңа стандарты бойынша орта медициналық білімі бар мамандар стоматологиялық көмекті тек бастапқы сатыда, яғни фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар және басқа да мемлекеттік мекемелер деңгейінде көрсетуге құқылы. Екінші кезеңге жеке кабинеттер, емханалар, тағы басқалар жатады, мұнда жаңа талаптар бойынша медициналық көмекті тек жоғары білімді мамандар ғана көрсетеді. Алайда, үстіміздегі жылдың маусым айында осы стандартқа қосымша шығарылды, оған сәйкес орта медициналық білімі бар мамандарға сүт тістерінің, яғни балалардағы кариес пен асқынған кариеске стоматологиялық көмек көрсетуге қосымша рұқсат берілді. Спикердің айтуынша, бүгінге дейін Қазақстанның стоматологиялық қауымдастығы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстар енгізіп, қазір олар қаралып жатыр.
Ал офтальмологиялық бағыттағы мамандарды дайындауға келетін болсақ, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі бұл жұмысты атқаруда, бірақ ол үшін топ жинау керек. Білім басқармасының мәліметінше, медициналық колледжді биылғы жылы 19 тіс дәрігері мен 29 стоматолог мамандығына оқыған жастар тамамдаған.