Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен дуэтте Зальцбургте (Австрия) өтіп жатқан турнирде жұптық сайыста ширек финалдық кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
1/4 финалда Голубев пен Молчанов австриялық Петер Гольдштейнер және Никлас Вальднермен ойнап, оларды екі сетте сенімді түрде жеңді, есеп — 6:3, 6:3. Серб теннисшісі Никола Чачич пен румындық Виктор Влад Корня қазақстандық және украиналық теннисшілермен жартылай финалда күш сынасады.
Бұған дейін Андрей Голубев пен Денис Молчанов австралиялық Кристофер Ромиос пен Джейсон Тейлорды — 6:7, 7:6, 10:5 есебімен ұтқан болатын. Зальцбургтегі Челленджердің жүлде қоры 145000 еуроны құрайды.