Жатақхананы тапсыру мерзімі жеті айға шегерілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жергілікті жоғары оқу орнының студенттеріне арналған екі жатақхананы пайдалануға беру жеті айға шегерілді. Олар үстіміздегі жылдың желтоқсан айында тапсырылуы тиіс еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Аманат» партиясы филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысандарды мәжілісмендер Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода аралап көрді. Олар нысандарды тапсыру мерзімін неліктен келесі жылдың тамыз айына шегергендерін анықтауға тырысты.

Мердігердің айтуынша, құрылыстың кешіктірілуіне тендердің басқа қатысушының қарсылық білдіруіне байланысты сот процесі мен жақын маңдағы жеке үйлерді бұзу мәселесі себеп болып отыр. Тиісінше, желілер уақытында тартылмайды, бұл өз кезегінде нысанның ішкі құрылыс жұмыстарын баяулатады.

«Жылу мен сусыз нысан іске қосылмайды. Петропавл қаласының әкімдігінен жақын жерде орналасқан үш үйді сатып алу керектігі туралы көңіл көншітпейтін жауап алдық. Қараша-желтоқсан айларында инфрақұрылымды жүргізбесек, мердігердің мекемені пайдалануға беру мерзімі белгісіз мерзімге кейінге шегеріледі. Ол қыста ішкі жұмыстарды жүргізе алмайды», — деді Е.Мәмбетов.

Жобаның құны 5,5 млрд теңгені құрайды. Жатақханалар 1200 орынға есептелген. Мердігер «Основание» ЖШС.

Колледждерге арналған екі жатақхананың құрылысы да кешіктірілді. Оларды биыл тапсырамыз деп уәде беріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz