Ұялы байланыстағы ақаудың себебін анықтап жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астана, Қарағанды ​​және Қазақстанның басқа да бірқатар қаласының тұрғындары ұялы байланыс пен интернетке қосылу қиындағанын айтып, шағымдануда. Провайдерлер байланыстың үзілу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

17 шілдеде Kcell баспасөз қызметі Қазақстанның кейбір өңірінде ұялы байланыс пен интернетке қосылуда ақаулар бар екенін растады. Енді провайдер мәселенің себебі неде екенін анықтайды.

«Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалада дерек жіберу қызметі жоқ екенін анықтады. Қазіргі уақытта біздің мамандар қызметті жылдам қалпына келтіру үшін ақау себебін анықтап жатыр», – деп хабарлады Kcell компаниясының баспасөз қызметі.

Интернет қолданушылардың пікірінше, тек Kcell абоненттері ғана қиындықтарға тап болған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz