Көмір тапшылығына шағымданды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары әр күзде пайда болатын көмір тапшылығына шағымданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Өткен қыста көмір сатып алу мүмкін болмағандықтан, адамдар тоңып отырды. Көмір тиеген вагондар келді, бірақ сатып алу мүмкін болмады. Тіпті, көмірді ауылдарға шығаруға да тыйым салынды, ал Тайыншаның өзінен сатып алу мүмкін емес. Сыртта аяз, суық, ал көмір жоқ», — делінген хатта.

Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов Тайынша және басқа да елді мекендердің көмірмен қалай қамтамасыз етілетінін айтты. Оның сөзінше, көмірді жеткізу және сату маусымы мамыр айынан басталды. Ауданда бұл қызметті төрт кәсіпорын көрсетеді: «Стандарт» ЖК, «Тамыз» ЖШС, «ТЭК Альянс жолы» ЖШС және «Север Энерго көмір Снаб» ЖШС.

«Қазіргі уақытта Тайынша ауданы бойынша көмір жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпорындармен бірлесіп тұйықтарға көмір салынған вагондарды жеткізу бойынша мониторинг жүргізілуде. Вагондарды жеткізу кестесі жасалады, оған сәйкес қандай кәсіпорындарда кідірістер бар екені көрсетіледі. Егер вагондарды жеткізу жағдайы нашарласа, мәселені шешу үшін дереу хат жолдаймыз. Ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, ауылдық елді мекендерге халықтың әлеуметтік осал топтарына және олардың жұмысшыларына жалақымен көмір жеткізу үшін жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарын тарту мәселесі пысықталуда. Олар мүмкіндігінше көмір қорын өз аумақтарына әкеліп, халыққа береді. Бұл күзгі толқуды азайтады», — деді Б.Әлжанов.

Ауданда елді мекендерден автокөліктердің тұйықтарға кедергісіз тиелуі үшін келу кестесі жасалады. Жеткізумен жеке тұлғалар айналысады. Көлік тапшылығы жоқ.

Тайынша ауданында көмірге жалпы қажеттілік 60,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық үшін — 40,6 мың тонна. Аудан тұрғындары әзірге 5,2 мың тонна дайындады. Көмір тұйықтарында 7 мың тонна бар. Б. Әлжановтың айтуынша, көмір вагондары үнемі келіп тұрады. Ең көп таралған көмір маркаларының бағасы 15-16,9 мың теңгені құрайды.

«Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Көмірді мүмкіндігінше күзде емес, жазда алу керек. Бұл көмір тапшылығының алдын алады. Тұйықтағы көмірдің көлемі мен бағасы туралы аудандық газеттерге ақпарат бердік», — деп қосты Б.Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz