Александр Бублик 27-ші орында

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) Уимблдон 2023 қорытындысы бойынша спортшылар рейтингінің соңғы нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир жеңімпазы испандық Карлос Алькарас бірінші орынды сақтап қалды, ал финалдағы қарсыласы серб Новак Джокович екінші орында. Үздік үштікті ресейлік теннисші Даниил Медведев жапты.

Уимблдон турнирінде 1/8 финалға дейін жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ші орында. Еске салайық, жартылай финалға шығу үшін өткен белдесуде Бублик ресейлік Андрей Рублевке есе жіберген болатын.

Қазақстанның үздік жүздікке ең жақын өкілі Тимофей Скатов төрт позицияны артқа тастап, 134-орынға ие болды.

Британдық Нил Скупский мен 2023 жылғы Уимблдонның жұптық ойынында жеңімпаз атанған голландиялық теннисші Уэсли Кулхофф тағы да бірінші орынды бөліссе, америкалық Остин Кричек үшінші орында.

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов бес позицияға төмендеді — 53-ші, Андрей Голубев алты сатыға көтеріліп, 82-ші болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz