Прокурорлар елдегі барлық балалар лагерін тексеруге кірісті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Балалар құқығының ықтимал бұзылуын ескере отырып, бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қадағалаушы органның 2023 жылғы 20 шілдеде таратқан мәліметі бойынша, прокурорлар балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталу, өрт қауіпсіздігі, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайын тексеру жоспарланып отыр.

«Бұған қоса 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері тексеріліп жатыр», – дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді.

2023 жылғы 16 шілде күні әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы «Арман Дала» лагерінен бейнежазба тарады. Ата-аналар лагерь сауна ғимаратында ұйымдастырылғанын әшкерелеп, дабыл қақты.

Алматы қаласының прокуратурасы көп ұзамай балалардың жазғы демалысын ұйымдастырған «БелРичи» ЖШС-сін («Арман дала» лагерін) тексеруге кірісті.

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы) және «Сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Парламент Мәжілісінің Respublica партиясынан сайланған депутаты Нұргүл Тау «Арман дала» балалар лагеріне бюджеттен 107,8 млн теңге бөлінгенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz