БАНКРОТТЫҚҚА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттыққа өтініштер қабылданып жатыр. 60 мыңға жуық өтініш берілді, оның 80 пайыздан  астамына бас тартылды.  9 мыңнан астам азаматқа қатысты рәсімдер басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 жылғы  14 шілдедегі жағдай бойынша 814 өтініш түсті. 457-ден астам өтініш Петропавл қаласына тиесілі. Сондай-ақ Қызылжар (73), Айыртау (61), Ғабит Мүсірепов атындағы (40) аудандардан да өтініштер түсті.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде мемлекеттік кіріс органдары азаматқа мына шарттарға сәйкес тексеру жүргізеді:

  1. Банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және/немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы борыш 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспауға тиіс;
  2. Қарыздарды төлемеу мерзімі 12 айдан асуы керек;
  3. Мүлкі жоқ, оның ішінде некеде бірге пайда болған мүлік (автокөлік, пәтер, үй, учаске, банктегі депозит және т. б.);
  4. Қарыздар бойынша банктермен және МҚҰ-мен реттеу рәсімі жүргізілді.

Көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық дерекқорларымен салыстыру жолымен автоматты режимде жүргізіледі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жекелеген азаматтар мына себептер бойынша банкроттыққа үміткер бола алмайтындығы анықталды:

— 12 ай ішінде қарызды ішінара өтеу бар;

— Борышкердің немесе оның жұбайының мүлкі бар;

— Банкпен немесе МҚҰ-мен борышты реттеу туралы құжат жоқ;

— Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің болуы;

— 6 айдан аз кезеңде АӘК алу.

Бұл азаматтарға телефонға 1414 сервисі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберілетін болады.

Мұндай хабарлама алынған жағдайда, соттан тыс банкроттық критерийлеріне сәйкес болған кезде 3 айдан кейін қайта өтініш беруге болады.

Бас тарту себептерін жою үшін тиісті уәкілетті органға жүгіну қажет:

  1. Мүліктің болуы туралы, заңды тұлғаларға қатысу туралы – әділет органдарына (ХҚКО, Электрондық Үкімет порталы);
  2. Жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары және арнайы техника туралы-жергілікті әкімдікке.
  3. Автокөлік бойынша ішкі істер бөлімдерінің аумақтық бөлімшелеріне немесе мамандандырылған ХҚКО-ларға (бар болса);
  4. Жеке кәсіпкерліктің болуы туралы – аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына;
  5. Несие сомасы, өтеу мерзімі туралы – тиісті банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық ұйымға. Егер банк немесе МҚҰ немесе коллекторлық агенттік тиісті құжат бермесе азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік бөлімшесіне жүгіне алады.

Егер борышкерге мүліктің болуы себебінен соттан тыс банкроттықтан бас тартылса, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот банкроттығын қолдануға өтініш беруге құқылы (Заңның 6, 20-22-баптары).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz