Жедел әрекет ету орталығына түскен шағымдардың 1600-нің мерзімі өтіп кеткен

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері Петропавлдың «Ikomek» жедел әрекет ету орталығына қалалықтардан 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шағымдардың басым бөлігі – қоқыс шығару, электр желілерінде орын алатын апаттық жағдайларға қатысты. Қала әкімі халықтың бұйымтайларына құлап түріп, жедел әрекет ету қажеттігіне назар аударды.

– «Ikomek» жедел әрекет ету орталығы халықпен кері байланыс орнату мақсатында құрылды. Өкінішке қарай, биыл «109» нөміріне келіп түскен өтіншітердің 1600-інің мерзімі өтіп кетті. Операторлар қоңырауларды қабылдап қана қоймай, тұрғындар көтерген мәселелерді қала әкімдігінің бөлімдеріне жолдауы қажет. Сонда ғана әр мәселенің шешімін табамыз, — деді Серік Мұхамедиев.

Қоқыс мәселесіне келер болсақ, биыл қоқыс шығару тарифі көтерілді. Алайда бұл жұмыстарға жауапты кәсіпорындардың атқарып жатқан шаруаларының сапасы көңіл көншітпейді.

– Жыл басынан бері «Коммунсевер» ЖШС қоқысты уақытылы шығармағаны үшін 6 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейін тарифті көтеру туралы шешім қабылдадық. Олардың жұмысы дұрысталады деп ойладық. Бірақ қоқыс шығару жұмыстарының құны артқанымен сапасы көрінбейді. Жаңа мердігерлерді тарту қажет. Биыл бұл жұмыстармен айналысатын компанияларға 5 жаңа қоқыс таситын көлік сатып алуды жоспарлап отырмыз. Осылайша мәселе шешілетініне сенімдімін, — деді Серік Мұхамедиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz