СҚО-ның төрт ауданына прокурорлар жаңадан тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау, Тимирязев, Аққайың және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға жаңадан прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Бас прокурордың бұйрығымен Аққайың ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Асқар Кәкімов тағайындалды.

 

А. Кәкімов еңбек жолын 2007 жылы СҚО Шал ақын ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастады.

 

Әр жылдары М. Жұмабаев, Ғ. Мүсрепов атындағы, Қызылжар және Шал ақын аудандары прокурорының көмекшісі, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасы қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

 

2021 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Петропавл қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

 

Прокуратура органдары қызметіндегі өтілі – 15 жыл.

 

Айыртау ауданының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Эргаш Каримов тағайындалды. Прокуратура органдары қызметіндегі өтілі – 22 жыл.

 

Э. Каримов өзінің еңбек жолын 2000 жылы Петропавл қаласы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастады.

 

Облыс прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, СҚО прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының орынбасары, Петропавл қаласы прокурорының орынбасары, Тайынша ауданының прокуроры болып жұмыс істеді.

 

2018 жылдан бастап Ғабит Мүсрепов атындағы аудан прокурорының лауазымын атқарды.

 

Тимирязев ауданының прокуроры қызметін енді аға әділет кеңесшісі Ерболат Ибраев атқарады.

 

Е. Ибраев 2000 жылы СҚО Қызылжар ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан еңбек жолын бастады.

 

Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Ғабит Мүсрепов атындағы аудан прокурорының орынбасары, Аққайың және Шал ақын аудандарының прокуроры болып жұмыс істеді.

 

2018 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Уалихан ауданының прокуроры лауазымын атқарды.

 

Прокуратура органдары қызметіндегі өтілі – 23 жыл.

 

Сондай-ақ, Бас прокурордың бұйрығымен Ғабит Мүсрепов атындағы ауданның прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Жандос Амиров тағайындалды.

 

Ж. Амиров өзінің еңбек жолын 1999 жылы СҚО Аққайың ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.

 

Петропавл қаласы прокурорының аға көмекшісі, Айыртау, Шал ақын, Қызылжар аудандарының прокурорының орынбасары, СҚО Тимирязев және Ақжар аудандарының прокуроры болып жұмыс істеді.

 

2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін СҚО Айыртау ауданы прокурорының лауазымын атқарды.

 

Прокуратура органдары қызметіндегі еңбек өтілі – 23 жыл.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz