Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Марат Омаров облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Марат Қосылұлы Омаров 1963 жылы 11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданының Пресновка ауылында туған. 1985 жылы «инженер-механик» мамандығы бойынша Қазақ политехника институтын бітірді.

Еңбек жолын 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Куйбышев атындағы зауыттың шебері болып бастады.

1988–1996 жылдары Куйбышев атындағы зауыттың цех басшысының орынбасары, цех басшысы болып қызмет етті.

1996–1997 жылдары СҚО өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету облыстық департаментінің жетекші, бас маман, бөлім бастығы қызметін атқарды.

1997–1998 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жолаушылар тасымалдау басқармасының бөлім бастығы.

1998–1999 жылдар аралығында СҚО өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету департаменті бастығының міндетін атқарушы.

1999–2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ филиалының бөлім бастығы, директор орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi басқармасының бастық орынбасары, бастығы.

2006–2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры.

2010 жылы «Мұнай-газ қондырғыларының конструкторлық бюросы» ЖШС директоры болып тағайындалды.

2013 жылы 28 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі лауазымына кірісті.

2020 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz