Қазақстандық семсерлесуші Руслан Құрбанов Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Руслан Құрбанов Миланда өткен әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз ширек финалда италиялық Валерио Куомоны жеңді. Финалға шығу үшін қазақстандық венгриялық Мате Кохпен жұдырықтасады», — деп хабарлады дирекция.
Құрбанов бұған дейін әлем чемпионатында жүлде алмаған.
Айта кетейік, 31 жастағы қазақстандық спортшы Азия-2017 чемпионы, сонымен қатар 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.