264
30 тамызда Қазақстанда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі — Конституция күні атап өтіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл Конституция күні сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күн мереке.
Сонымен қатар, бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 тамызда демалады. Барлығы 8 күн.
Алты күндік аптада 4 күн демалыс болады: 6,13,20 және 27 тамыз.