Әскери академияның ұжымы мұғалімдер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Ұлттық ұлан әскери академияның мамандары салтанатты шара ұйымдастырды. Жиында оқу орны қабырғасында өткізілген байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға жүлделі орындар мен сый-сияпаттар табысталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық ұлан Академиясының бастығы, полковник Артур Тоқышев ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Елдің келешегі, жұрттың болашағы саналатын ұрпақтың білім үйреніп, тағылым алуында мұғалімнің алар орны қашанда бөлек. Қадір-қасиеті де ерен, ерекше. Ұстаз деген ұғым кейін қалыптасқанмен, халқымыз атам заманнан ел жақсыларын сол ұстаз дәрежесінде алақанға салып ұстаған. Кейін ұрпақты білім нәрімен сусындатқан абзал жандарды ұстаз деп әспеттеумен келеді. Жастарды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың санасына елжандылық, отансүйгіштік сынды асыл қасиеттердің дәнін егудің маңызы зор. Сіздер бұл үдеден де шығып отырсыздар. Баршаларыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еңбектеріңіз жемісті болсын!, — деді Артур Қалиақпарұлы.

Байқауға 10 оқытушы қатысып, жеңімпаздарды арнайы құрылған комиссия мүшелері анықтады. «Жылдың үздік оқытушысы» аталымында әскери педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, подполковник Қуандық Малдыбаев бас жүлде иегері атанды. Қуандық Бекбауұлы өз сөзінде ұстаз болу екінің бірінің маңдайына жазылмайтынын, бұл жолда адамға сабыр мен шыдамдылық, терең білім керек екенін айтты. Оған ақшалай сыйлық табысталды. Осы аталым бойынша екінші және үшінші орынға жедел өнер және МПҚЕ кафедрасының оқытушысы полковник Мұрат Байбусинов пен жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы аға лейтенант Гүлназым Байсалдина ие болды.

Салтанатты шарада «Үздік оқытушы-тәлімгер», «Үздік әдіскер», «Үздік оқытушы-зерттеуші», «Үздік оқытушы-қоғам қайраткері» аталымдарында топ жарған жандарға да құрмет көрсетілді. Оларды «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының директоры Арман Құлмағамбетов, «С. М. Киров атындағы машина жасау зауытының» директоры Алмас Нұрмағамбетов, «Северный» супермаркеттер желісінің директоры Евгений Богданов құттықтады.

whatsapp image 2023 09 29 at 10.45.19whatsapp image 2023 09 29 at 10.45.18 1

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін жиналғандар алдында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, филармоняи солистері мен академияның әскери оркестрі өнер көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz