Бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі болған Рүстем Құрманов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Рүстем Жомартұлы Құрманов СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тумасы, 42 жаста.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіп кешен салаларындағы экономист-менеджер» мамандығы бойынша 2003 жылы үздік тәмамдады.
2003-2007 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Экономика және халық шаруашылығын (ауыл шаруашылығын) басқару» мамандығы бойынша аспирантураны бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
2003-2005 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші, бас маманы болып еңбек етті.
2005-2009 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының экономикалық талдау бөлімінің, мемлекеттік сатып алу және экономикалық талдау бөлімінің бастығы болды.
2009-2011 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібі және агроазық-түлік нарықтарын дамыту департаментінің басқарма бастығы лауазымында болды.
2011-2013 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры болып еңбек етті.
2013-2015 жылдары – «А» корпусының кадр резервінен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2015-2016 жылдары – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының басшысы лауазымын атқарған.
2016-2017 жылдары – «Атамекен» агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры – директоры.
2017 жылы – Ауыл шаруашылығы министрі кеңесшісінің міндетін атқарды, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.
2017-2018 жылдары – Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2018-2019 жылдары – «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы болды.
2019 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды. Бұған дейін хабарланғанындай, ол 28 шілде күні осы қызметінен босатылды.