СҚО-да тамыз айында 34 градусқа дейін ыстық болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында тамыз айындағы орташа ауа температурасы қалыпты шектерде – 17-18 градус жылы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 25-30, кей жерлерде 34 градус ыстық болады. Одан кейін ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Онкүндіктің соңында термометр түнде қайтадан 12-ге дейін, күндіз 22-27 градусқа дейін көтеріледі.

Екінші онкүндікте күндізгі ауа температурасының одан әрі 28-33 градусқа дейін көтерілуі күтілуде. Содан кейін — түнде 9-14, күндіз — 17-22 градус.

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының одан әрі төмендеуі түнде 4-9 градусқа дейін, күндіз 12-17 градусқа дейін күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында түнде 9-14, күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады.

Айдағы жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, 42-52 мм болады деп күтілуде.

Ай ішінде өткінші жаңбыр, найзағай, секундына 15-20 метр жел, екінші онкүндіктің басында тұман күтіледі. Үшінші онкүндіктің ортасында бұршақ жаууы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz