СҚО-да мембағдарламамен салынған үйлер іргетасына дейін бұзылып алынған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сарытомар ауылында жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушыларға арналып салынған үйлер іргетасына дейін бұзылып алынған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында жұмыс күші басым өңірлерден қоныс аударушыларға арналып салынған төрт баспана іргетасына дейін бұзылып алынған. Бұл жайында әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан белгілі болды.

Автордың айтуынша, құрылыс алдыңғы жылы басталып, 4 үйдің қабырғалары көтерілген. Ал былтыр мердігер келіп, қабырғаларын бұзып, құрылыс материалдарын алып кеткен. Бейнежазба иесі мән-жайды анықтауды сұраған.

СҚО әкімдігінде осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Бұл үйлердің құрылысына бюджет ақшасы жұмсалған жоқ. Қоныс аударушыларға үйлерді кәсіпкер салды. Нәтижeлi жұмыcпeн қaмту жәнe жaппaй кәciпкeрлiктi дaмытудың 2017-2021 жылдaрғa aрнaлғaн «Eңбeк» мeмлeкeттiк бaғдaрлaмacы бойынша Сарытомар елді мекенінде 2021 жылы жеке кәсіпкер қоныс аударушыларға арнап үйлердің құрылысын бастады. Алайда іргетасына және қабырғаларының құрылысына қатысты сын болғандықтан, жұмыс тоқтатылды. Осыдан кейін жеке кәсіпкер көтерген қабырғаларды бұзып алуға шешім шығарды. Сарытомардағы құрылыс үшін жеке кәсіпкер бюджеттен қаражат алған жоқ», — деді әкімдіктегілер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz