Петропавлда жол құрылысы мамандарына арналған семинар өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының өкілдері аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері мен жол құрылысы саласында еңбек етіп жүрген мамандарға семинар өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Семинарда жол сапасына сараптама жүргізу, автомобиль жолдарын диагностикадан өткізу бойынша шеберлік сағаттар ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» мамандары өткен жылғы статистикаға тоқталып, жөндеу жұмыстары аяқталған жол учаскелерін қабылдау кезінде 4 мыңнан астам өрескел бұзушылықтар анықталғанын тілге тиек етті.

– Былтыр орталығымыз жол жөндеу объектілерін аралап, 11 мың тексеріс өткізді. Құрылыс материалдарының 40 мыңға жуық сынамасын алды. Оның нәтижесінде 37 пайызы стандарт талабына сай келмеді, — дейді «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының баспасөз қызметі.

Семинарда жолды қабылдау кезінде мамандардың ден қоюға тиіс негізгі аспектілерге тоқталды.

— Біз тек қадағалауды ғана емес, жергілікті қоғамдастық мүшелерін де тартамыз. Оған депутаттар да кіреді, сондықтан олар қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын көреді. Биылғы жылы біздің аудан бойынша 32 км жолды орташа жөндеуден өткіземіз. Семинарда алған білімімізді тәжірибе жүзінде пайдаланамыз деп ойлаймын, — дейді Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Манарбек Шаменов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz