ПД басшылығының жеке қабылдауына 80-нен астам адам келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл СҚО-ның 80-нен астам азаматы ПД басшылығының жеке қабылдауында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалы сұрақтар, қылмыстық істерді тергеу барысы, полицияға қызметке орналасу – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының қабылдауына келетін азаматтарды мазалаған негізгі мәселелер. Облыстық полиция ведомствосының басшысына жеке сұрақтармен аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері жүгінуге болады. Бұл үшін 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефон нөмірлері арқылы қабылдауға жазылу керек.

Кезекті кездесу “AMANAT” партиясының облыстық филиалында өтті. СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев Петропавл тұрғынын қабылдады. Келуге себеп болған мәселе – көршілер мен қарт әйелдің арасындағы кикілжің. Тұрғынның сұрағы бақылауға алынып, қалалық полиция басшылығына тұрғындар арасында жиналыс өткізу және мәселені шешу туралы тапсырма берілді.

Жыл басынан СҚО ПД бастығы мен оның орынбасарлары 88 адамның мәселелерінің шешілуіне көмектесті. Бұл – полицияның ашықтығы мен қолжетімділігінің қағидаттарын іске асырудың негізгі нысаны, жұмыстың сервистік моделінің түпкі нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz