Петропавл қаласының әкімі: Сапасыз жөнделген үш көшені мердігерлер қайта қалпына келтіреді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жоспарланған 30 көшенің 18-і жөнделді. Қалалық әкімдік жұмыс сапасыз болғандықтан мердігерден үш жолды қабылдамады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жедел кеңесте Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев қаладағы жолдардың қалай жөнделіп жатқанын егжей-тегжейлі айтып берді. Биыл 61 шақырым жол, яғни 30 көше жөнделуде. Бұл мақсатқа 6,9 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде орташа жөндеуге 4,3 млрд. теңге, қайта жаңғыртуға 713 млн. теңге, ағымдағы жөндеуге шамамен 1,9 млрд теңгеден келеді.

«18 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу үшін «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен шарт жасалды. Зертханалық зерттеулерден кейін мердігерлерге ақыларын төлейміз. 12 көше қабылданды. Қалғандары әлі тексерілуде. Үш учаске қабылданбады: Пржевальский, 314-атқыштар дивизиясы және Батыр Баян көшелері», – деді Серік Мұхамедиев.

Шаһар басшысының айтуынша, тағы 12 жолға конкурс жарияланған, жеті көшеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмыс қарқынын арттырып, жөндеу сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Нысандардағы жұмысшылар санын көбейту керек. Демалыс күндері де жұмыс істеу керек. Құрылыс маусымының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Қалған 12 жол 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс», – деді өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz