Қазақстанның астық одағы күзгі ораққа қатысты болжамдарын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Биылғы жылғы орақ науқанынан не күтеміз? Астық одағы алдын ала бағалау жүргізіп жатқанда, барлық сарапшылар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа егінді, шамамен 14,5 млн. тонна бидайды бағалауға мұқият қарау керек дейді», – деді «Қазақстанның астық одағы» сауда комитетінің басшысы Александр Малов астық саласының проблемалық мәселелері жөніндегі «дөңгелек үстел» барысында.
Оның айтуынша, өндіріс жоспары өте ауқымды.
«Біз жаңа маусымда экспортты 8,5-9 млн, тонна деңгейінде бағалаймыз, бұл өте ауқымды. Жақсы көлем. Ендігі мәселе – бұл бидайды қайда сататынымыз», – дейді Александр Малов.