СҚО-да егіс науқаны ойдағыдай өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде 3,2 млн. га жерге дән сіңірілген. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 2,4 млн. га немесе жалпы алқаптың 78,5%-на себілген. Майлы дақылдар – 652,5 мың га немесе 68% жерге егілді. Картоп отырғызу 25,6 мың гектарға немесе 75% — ға, көкөністер – 4,3 мың гектарға немесе 69% — ға, жемшөп – 113 мың гектарға немесе шамамен 71% — ға себілді.

Биыл жалпы егіс алқабы 4,5 млн. га құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,2 млн. га, майлы дақылдар – 960 мың га, жемшөп дақылдары — 353 мың га, картоп – 34,1 мың га, көкөністер — 6,2 мың га құрамақ.

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы апта ыстық болады. Кей күндері сынап бағанасы +35 +37 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz