Синоптиктер 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады.
«Алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды учаскелер әсер етеді, найзағай ойнап, қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады», – делінген хабарламада.