Ит-мысықтарды таңбалау жұмыстары жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста иттер мен мысықтарды таңбалау жұмыстары жалғасуда. Сәуір айынан бері аймақта 1550 үй жануарына чип салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жалпы өңірде қаңғыбас иттерді таңбалауға, екпе салдыртуға және зарарсыздандыруға облыс бюджетінен 53,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінде  аталмыш жұмыспен «Шевелева» жеке кәсіпкерлігі айналысып жатыр.

– Сәуірдің 10-нан бастап, иесіз жүрген 135 жануарға таңба қойылып, зарарсыздандырылды. Тиісті санитарлық шаралар қолданылғаннан кейін  108-і қайта мекен еткен ортасына  жіберілді,  екеуі жеке тәлімбақтарға берілді. Арнайы чиптерді сатып алуға 2,7 млн. теңге қарастырылған.  Үй жануарларын таңбалау әлеуметтік әл-жуаз топтар санатындағыларға тегін, – дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Наталья Тараканова.

Бүгіндері таңбаланған 1550 ит-мысық «Tanba» ақпараттық базасына енгізілді. 1385-нің иесі бар,  ал қалғандары – қаңғыбас ит-мысықтар. Облыстық ветеринария мамандарының сөзінше, жануарларға чип қою, зарарсыздандыру және екпе салу  үшін тұрғындар өңірдегі 14 ветеринарлық станция мен қаладағы жеке клиникаларға жүгіне алады.  

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz