— Таяу тәуліктерде Қазақстан аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады: республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында екпінді желмен бірге қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін… Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Алайда 5-6 тамызда Қазақстанның оңтүстік-шығысында күндіз +40+42°С-қа дейін қатты ыстық болады деп болжанды, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК
Ал еліміздің батыс облыстарында күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.