СҚО-ның өнеркәсіп кәсіпорындары 280,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы жылдың қантар-маусым айлары аралығында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 280,5 млрд. теңгеге өнім өндірді. Өнеркәсіптік өндіріс индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 2022 жылдың тиісті кезеңіне 114,5 пайызды  құрады, бұл республикадағы үшінші көрсеткіш, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңдеу өнеркәсібінде 231,1 млрд. теңгеге немесе өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінен 82,4 пайыз өнім шығарылды, ӨӨИ 113,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің едәуір үлесін азық-түлік өндірісі алады (55,3 пайыз). Бірінші  жартыжылдықта үй құсының еті мен тағамдық қосымша өнімдер – 1027 тонна (өсімі 2,7 есе), жануарларға арналған дайын азықтар – 170,2 мың тонна (49,9 пайыз), ұн – 193,2 мың тонна (32,9 пайыз), печенье, кондитерлік өнімдер және ұзақ сақталатын пирожныйлар – 6,6 мың тонна (21,3 пайыз), шұжық өнімдері – 680 тонна (15,4 пайыз), жаңа піскен нан – 9,5 мың тонна (14,1 пайыз) өндірілді.

2023 жылғы қаңтар-маусымда сүт өнімдері өндірісінің үлес салмағы бойынша облыс ел бойынша бірінші  орын алып тұр, макарон өнімдері және ұн бойынша – екінші орын.Тамақ өнеркәсібінен басқа, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,6 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарында 1,5 есеге, қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде 39,4 пайызға, металлургия өндірісінде  30,4 пайызға, машина жасауда 8,7 пайызға  өсу қамтамасыз етілген.

Өңдеу өнеркәсібінің шамамен 30 пайыз көлемі машина жасауға келеді, ол компьютерлер, электронды, оптикалық, электр жабдығы, машиналар, автомобильдер және өзге де көлік құралдары өндірісін, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатуды қамтиды.

Үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде гидравликалық жүйелердің (59 есе), сигнал беру дыбыстық немесе жарық электр жабдықтарының (25,5 есе), мотоциклдердің (14,7 есе), электр қозғалтқыштардың (3,6 есе), комбайндардың (3,2 есе), орақтардың (2,5 есе), сепкіштердің (1,9 есе), тракторлардың (1,5 есе), тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар бөлшектерінің (74,6 пайыз), сорғылар мен компрессорлар бөлшектерінің (41,7 пайыз), мұнай кәсіпшілгі жабдықтарының (19,9 пайыз), тыңайтқыш таратқыштарының (17,9 пайыз) шығарылымы ұлғайтылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz