Облыс орталығындағы «Qyzyljar» арт орталығы тұрғындарды тағы бір тамаша шарамен қуантты. Түрлі көрмелер мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері жиі өтетін орында қаладағы кесте тігу шеберлерінің бұйымдары қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жібектей нәзік ақ жіптен дөңгеленіп тігілген 50 кесте жұрт назарына ұсынылды. Көрмедегі әр бұйым ерекше.

– Бұл – біздің алғашқы жобамыз. Қасыма түрлі салада еңбек етіп жүргенімен тоқыма өнерін ермек еткен 17 адамды жинап, олардың жұмысын үйлестірдім. Барлық жұмысты ақ жіптен тоқыдық. Өрнек арқылы бір түсті түрлендіріп көрсетуге болады. Адам өмірі кесте сияқты. Әр адам өмірінің өрнегін өзі салады, – дейді жоба жетекшісі Галина Гусакова.

Орталықтағы кестелер топтамасының маңында естелік суретке түсіп жатқан жандар да өте көп. Қолөнер шеберлері егер бұл салаға бейімі бар тұрғындар болса, білгенін үйретіп, қатарларына қосуға дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz