Облыс әкімі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында көлік саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстанда көлік саласы қызметкерлерінің төл мерекесі тамыздың әр бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл айтулы мейраммен облыс тұрғындарын алғашқы болып, СҚО әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады. Өңір басшысы ізгі тілегін әлеуметтік желіде жария етті.
— Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері, Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің ұйымшылдық пен кәсібилігіңіз – жылдың кез келген уақытында көліктің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуінің кепілі. Еңбегіңіз бен таңдаған мамандығыңызға адалдығыңыз үшін алғыс білдіремін. Сізге және сіздің отбасыңызға зор денсаулық, амандық және жоспарларыңызды жүзеге асыруда табыс тілеймін! — деп жазды СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.