Петропавлда «Қажымұқан жолы» жарысы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда алғаш рет «Қажымұқан жолы» атты жоба жүзеге асырылды. Жарыс Гиннес рекордтар кітабының Қазақстандағы ресми амбассадоры Сергей Цырульниковтың бастамасымен өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жоба елімізде осымен сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін алып күш иелері қатысқан  жарыс Ақтөбе, Түркістан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынанда өткен болатын. Оның басты мақсаты – Қажымұқан Мұңайтпасұлы салған сара жолды жалғастыруды мұрат тұтқан жастар қатарын молайту,  өскелең ұрпақты  саламатты өмір салтына баулу.

– Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Ол бүкіл ғұмырын күрес өнеріне арнап, елімізді өзге жұртқа паш еткен. Талай белдесуде атышулы қарсыласынан айласын асырып, көзі тірісінде ерлігі аңызға айналып үлгерді. Орасан күштің иесі болған балуан бабамыз, күрестің бірнеше түрінен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Ардақты  тұлғаның есімін ұлықтау арқылы оның жолын жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек, — дейді Сергей Цырульников.

146a2825146a2920146a2945146a3008146a3154

Петропавлдың орталық алаңында өткен жарыс бес кезеңнен тұрып, жобаға 8 өңір тұрғыны қатысуға мүмкіндік алды. Алдымен қатысушылар түрлі салмақтағы қаптарды көтеруден сынға түссе, кейін 120-130 келілік тасты көтеру бойынша бақтарын саралады. Үшінші сында оларға 1 минуттың ішінде 120 келілік бөренені көтеру міндеті қойылды. Алып күш иелері темірді майыстырудан да алдарына жан салмады. Бұл кезеңдерден сүрінбей өткендер белбеу күресінде өз араларында үздікті анықтады. Сайыста бірінші орын Әділ Қайыровқа бұйырса, екінші сатыға Әділет Мұрзаш жайғасты. Қола жүлде Бауыржан Мусинге берілді.  Қатысушылардың барлығына арнайы сыйлықтар, ал  жеңімпазға «Қажымұқан жолы» белбеуі табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz