Александр Винокуров әлем чемпионы атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Astana Qazaqstan Team» велокомандасының бас менеджері,  танымал қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында топ жарды. Жерлесіміз 50 жастан асқан спортшылар санатында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық ардагер-спортшы Глазгодағы әлем чемпионатына қатысу туралы шешімге «Тур де Франс» веложарысы кезінде  келген.  Александр ВинокурОвтың сөзінше, соңғы жылдары жасы 50-ден асқан қатысушылар арасындағы сайыстар жиі ұйымдастырылуда.

– Біздің командамыз «Тур де Франс» веложарысына қатысып жатқан тұста өз мүмкіндігімді әлем чемпионатында байқап көру туралы ойладым. Глазгоға барып, өз жас санатымдағылар арасында тіркелдім. Сайыс қиынға соқты. Мәреге үш спортшы келе жатты. Барлығы да мықтылар. Мен тәжірибемнің арқасында бірінші келдім, – дейді Александр Винокров.

Әлем чемпионатында екінші орынға испандық велошабандоз Рауль Патино табан тіресе, үздік үштікті Адриан Яш түйіндеді. Бұған дейін жерлесіміз Таиландтағы Азия чемпионатында алтын медаль еншілеген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz