Әскери академияда қызылшаны 43 адам жұқтырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары арасында қызылша жұқтырғандар саны арта түскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР ДСМ cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен тежелетін инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы Нарғыз Мұратова ҚР Ұлттық ұлан академиясында қызылша ауруы тарап жатқанын нақтылады.

— Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы ҚР Ұлттық ұлан академиясында қызылшаға күдік келтірілген 50 жағдай тіркелді, оның 43-і зертханалық деңгейде расталды, екеуі ЖРВИ болып шықты, ал тағы бесеуі бойынша талдаулар әлі де жүргізілуде. Жағдай өңірлік денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында, — деді Нарғыз Мұратова.

Оның айтуынша, үлкен ұжымдарда қызылшаның өршуі туындаған жағдайда инфекция ошағындағы 30 жасқа дейінгі байланыстағы тұлғаларға вакциналау жүргізіледі, науқастар оқшауланады, медициналық тегін көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көмек көрсетіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz