Петропавлдағы № 19 бастауыш мектеп апатты деп танылды. Тиісті шешімді лицензияланған компанияның мамандары берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz телеарнасына сілтеме жасап.
№ 19 бастауыш мектебінде 1 сыныптан 4-сыныпқа дейінгі және дайындық тобында 44 бала оқиды, білім ордасында 6 педагог, жұмыс істейді. Қазіргі таңда оқушылардың ата-аналарына жақын маңдағы №4, 23 мектептерде оқуды жалғастыру ұсынылды. Шағын аудан тұрғындары үшін оқу орнына дейін балаларды тегін тасымалдау ұйымдастырылады. Сонымен қатар ұстаздарға да басқа жұмыс орындары ұсынылды.
— Барлық балалар ысытық тамақпен тегін қамтылады. Біз ата-аналарға ұсынған мектептерде асхана, спорт залы бар, санитарлық талаптар сақталған, білім беру стандарттарына сәйкес барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда барлық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау жүріп жатыр, — дейді СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.