Айыртау ауданында қызыл жалын бір адамның өмірін қиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Айыртау ауданындағы Жоғарғы Бұрлық ауылында үй өртенді. Оқиға орнында 1970 жылы туған әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, жер үй түгелдей өртеніп кеткен. Қызыл жалын ауладағы қосымша құрылыс нысандарын да шарпыды.

– Айыртау ауданындағы оқиғада оттың неден шыққаны анықталуда. Сондай-ақ келтірілген шығын мөлшері есептелініп жатыр. Жалпы өңірде жыл басынан бері 371 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 адам қызыл жалынның құрбаны атанды. Өткен жылы бұл уақытта облыста 415 өрт болып, 30 тұрғынның өмірін қиды, – дейді Дмитрий Растихин.

СҚО ТЖД мамандарының ақпарына сәйкес, соңғы кездері өрт оқиғалары көпқабатты үйлерде жиілеп кетті. Мәселен, Алматы қаласында электр сымдарының тұйықталуынан 16 қабатты баспананың лифт шахтасында от шығып, 1 адам қаза тапты. Осындай жағдайдың бірі Қарағандыда тіркелді. Қызыл жалын 3 адамның өмірін қиды. Сол себептен жергілікті құтқарушылар Петропавлдағы көпқабатты баспана тұрғындарымен кездесіп, профилактикалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Облыс орталығында бүгіндері 28 метрден асатын 30 ғимарат бар. Жақын арада төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері бұл нысандарда рейд шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz